Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық Гидрокортизон Ацетаты Hіdrocortіsonі acetas (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 20 ақпандағы № 25 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармация комитеті Төрағасының

2008 жылғы 20 ақпандағы

№ 25 бұйрығымен бекітілген

 

Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Гидрокортизон Ацетаты
Hіdrocortіsonі acetas

 

Саудалық атауы

Гидрокортизон ацетаты

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гидрокортизон

 

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 2,5% суспензия

 

Құрамы

1 мл суспензия құрамында

белсенді зат - 100% зат есебіне шаққанда гидрокортизон ацетатының 25 мг-на тең.

қосымша заттар: пропиленгликоль,  сорбит (сорбитол), төменгі молекулярлық медициналық поливинилпирролидон немесе повидон 15, натрий хлороиді, бензил спирті, инъекцияға арналған су.

 

Сипаттамасы

Препаратты 2 мин. бойы сілкіп араластырғаннан кейін ақ немесе  аздаған сары түсті болатын суспензияға айналады, өзіне тән иісі бар, біраз тұрған соң шөгінді пайда болады

 

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі түрде қолдануға арналған кортикостероидтар. Бір компонентті препараттар (глюкокортикоидтар).

АТЖ коды H02АB09

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фамакокинетикасы

Енгізген жерден қанға сіңуі жай жүреді. Бұлшықетке енгізгеннен кейін гидрокортизонның қанығу деңгейі қан плазмасында 30-60 минуттан соң жетеді. Препараттың 90% қанның ақуызымен байланысады (80%-ы транскортинмен және 10%-ы альбуминмен), қалған 10%-ы қанда бос фракция ретінде қалады. Метаболизмі бауырда жүреді. Синтетикалық жолмен алынғандарға қарағанда бұл препараттың плацента арқылы өту деңгейі онша көп емес (оның 67%-дай бөлігі плацента ішінде өзгеріске ұшырап, белсенділігі жоқ метаболиттерге айналады). Гидрокортизонның метаболиттері негізінен бүйрек арқылы организмнен 12 сағат ішінде толығымен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.