Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Гипотиазид (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 33 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармацевтикалық бақылау

комитеті Төрағасының

2009 жылғы 23 қаңтардағы

№ 33 бұйрығымен бекітілген

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
ГипотиазидÒ

 

Саудалық атауы

ГипотиазидÒ

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Гидрохлоротиазид

 

Дәрілік  түрі     

25 мг, 100 мг таблеткалар

 

Құрамы

Бір  таблетканың құрамында

Белсенді зат - гидрохлоротиазид 25 мг немесе 100 мг,

Қосымша заттар: магний стеараты, желатин, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты.

 

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ түсті дерлік жалпақ таблеткалар. Бір жағында "Н" деген таңба, екінші жағында -бөлгіш сызығы бар.

 

Фармакотерапиялық тобы

Диуретиктер, тиазидтер

АТЖ коды   C03AA03

 

Фармакологиялық қасиеттері  

Фармакокинетикасы

Гидрохлоротиазид ішу арқылы қабылдағаннан кейін жақсы сіңеді, оның    диуретикалық және натриуретикалық әсері 2 сағаттан соң байқалады және ең жоғары деңгейіне шамамен 4 сағаттан соң жетеді. Бұл әсері  6 - 12  сағат бойы сақталады. Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы  40%-ды құрайды. Бүйрек арқылы өзгермеген түрде шығарылады. Бүйрек қызметі қалыпты емделушілерде жартылай шығарылу кезеңі 6,4 сағатты, ал бүйрек жеткіліксіздігі орташа  емделушілерде - 11,5 сағатты, ал  креатинин клиренсі 30 мл/минуттан кем ауыр  бүйрек жеткіліксіздігі - 20,7 сағатты құрайды. Гидрохлортиазид плацентарлы бөгет арқылы өтеді және аз мөлшерде анна сүтіне бөлінеді.

Фармакодинамикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.