Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Глибенкламид (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2009 жылғы 3 наурыздағы № 86 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармацевтикалық бақылау

комитеті Төрағасының

2009 жылғы 3 наурыздағы

№ 86 бұйрығымен бекітілген

 

Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Глибенкламид

 

Саудалық атауы

Глибенкламид

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Глибенкламид

 

Дәрілік  түрі 

Таблеткалар 3,5мг және 5,0мг

 

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді  зат - глибенкламид 3,5мг  немесе  5 мг

қосымша заттар: лактоза, крахмал, поливинилпирролидон, кальция  стеараты.

 

Сипаттамасы

Жалпақ пішінді сызығы бар,  ақ түсті немесе әлсіз крем реңкті ақ таблеткалар. Таблетканың бір жағында крест тәрізді фирмалық логотипі бар.

 

Фармакотерапиялық тобы

Ішуге арналған қандағы қант деңгейін төмендететін дәрілер.

Сульфонилмочевина туындылары.

АТЖ коды А10В В01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Глибенкламид ішу арқылы қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолдарынан жылдам және толығымен сіңеді. Бір мезгілде тамақ ішу глибенкламидтің сіңуін баяулатады.

Бір рет қабылдағанннан кейін қандағы ең жоғары концентрациясына 1-2 сағаттан соң жетеді. Қан ақуыздарымен байланысуы - 98%-дан жоғары. Плацентарлы бөгет арқылы нашар өтеді.

Бауырда екі белсенді емес метаболит түзе отырып биологиялық өзгеріске ұшырайды (шамамен тең мөлшерлерде), олардың бірі бүйрекпен, екіншісі өт арқылы шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі - 6-10 сағат. Организмде жинақталмайды.

Ерекше клиникалық жағдайлардағы фармакокинетикасы. Бүйрек қызметі жеңіл және орташа дәрежеде бұзылған емделушілерде препараттың фармакокинетикасында клиникалық маңызды ерекшеліктер жоқ; ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі 30 мл/минуттан кем) жинақталуы мүмкін.

Фармакодинамикаcы

Глибенкламид - екінші буындағы сульфонилмочевина туындалыры гипогликемикемиялық дәрі. Препараттың қантты төмендететін әсері панкреатиттік және экстрапанкреатиттік әсердің кешенді механизміне байланысты.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.