«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1898 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2149 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1898 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2149 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының делегациясын Ялта қаласына (Украина) іссапарға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1898 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

2-тармақта:

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Симферополь - Стамбул - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға;»;

мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

«осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Симферополь - Стамбул - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов