Павлодар қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 168/21 шешімі
(2010.30.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 4 наурыздағы № 1-20/76 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010.08.02. № 1/22 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.15.04. № 32/24 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.17.06. № 44/25 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.08.09. № 60/26 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.09.11. № 72/27 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2010-2012 жылдарға арналған Павлодар қаласының бюджеті тиісті 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін, соның ішінде 2010 жылға мынадай көлемдерде:
1) кірістер - 28 656 115 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 20 773 932 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 99 088 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 2 431 362 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 5 351 733 мың теңге.
2) шығындар - 28 269 606 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 2 643 мың теңге болып жазылсын, соның ішінде:
бюджеттік несиелер - 2 673 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 30 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - нөлге тең;
5) бюджет профициті - 383 866 мың теңге;
6) бюджет профицитін пайдалану - -383 866 мың теңге, соның ішінде:
қарыздарды өтеу - 730 080 мың теңге;
займдардың түсімдері - 327 673 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 18 541 мың теңге;
2. 2010 жылға арналған Павлодар қаласының бюджетінде Павлодар қаласының бюджетінен облыстық бюджетке 13 236 964 мың теңге сомасында бюджеттік алуларды көздеу ескерілсін.