Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық Глюкоза-Н.С. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2007 жылғы 23 мамырдағы № 89 бұйрығымен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Фармация комитеті Төрағасының

2007 жылғы 23 мамырдағы

№ 89 бұйрығымен бекітілген

 

Дәрілік затты қолдану жөнінде мамандарға арналған нұсқаулық
Глюкоза-Н.С.

 

Саудалық атауы

Глюкоза-Н.С.

 

Халықаралық патенттелмеген атауы

Декстроза

 

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне енгізуге арналған 40% ерітінді

 

Құрамы

1 л ерітіндінің құрамында

белсенді зат - құрғақ затқа шаққандағы глюкоза    - 400 г

қосымша заттар - натрий хлориді                            -  0,26 г

0,1 М хлорлы сутек қышқылы                               - рН 3,0-4,0 дейін

инъекцияға арналған су                                          - 1 л-ге дейін

 

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш сұйықтық

 

Фармакотерапиялық тобы

Басқадай ирригациялық ерітінділер

АТЖ коды  В05СХ01

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакодинамикасы

Глюкоза организмде тотығу-қалпына келу үдерістерін күшейтеді, бауырдың уыттылыққа қарсы қызметін жақсартады, организмнің қуаттық шығынының  бөлігін жабады, өйткені ол жеңіл қорытылатын көмірсулардың көзі болып табылады.

Глюкозаның 40% ерітіндісі гипертониялық ерітінді болып табылады.  Көктамырға гипертониялық ерітіндіні енгізген кезде қанның осмостық қысымы жоғарлайды, сұйықтықтың қаннан тіндерге ағыны күшейеді, зат алмасу үдерістері жақсарады, қан тамырлары кеңейеді, бауырдың уытсыздандыру қызметі жақсарады, несептің бөлініп шығуы артады.

Фармакокинетикасы

Глюкоза, тіндерге түсе отырып, фосфорланып, глюкозо-6-фосфатқа айналады, ол организмдегі зат алмасудың көптеген тізбегіне белсенді түрде қатысады. Бүйректер арқылы шығарылады.

 

Қолданылуы

-          гипогликемияда

-          жұқпалы ауруларда

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.