Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы
Астана қаласы Мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы № 16/4-ІV Шешімі
(2009.18.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 20 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Астана қаласы мәслихатының 2009.31.03. № 197/31- IV Шешімімен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы бекітілсін.
2. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы № 142/18-III «Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік және айтулы күндерге әлеуметтік көмек көрсету қағидалары туралы» шешімінің (Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылдың 1 шілдесінде № 394 тіркелген, № 90 «Астана хабары» газетінде 2005 жылғы 5 шілдеде және № 103-104 «Вечерняя Астана» газетінде 2005 жылғы 9 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы мәслихатының
Хатшысы
КЕЛІСІЛДІ:
«Астана қаласының Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
департаменті» мемлекеттік
мекемесінің директоры (ЖҚжӘБД)
Астана қаласы мәслихатының 2008.09.07. № 116/18-IV Шешімімен мәтін бойынша «Департамент», «Департаментпен», «Департаментіне» деген сөздер «Басқармасы», «Басқармамен», «Басқармасына» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
2007 жылғы 17 қазандағы
№ 16/4-IV шешімімен
бекітілген
Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек көрсету
ҚАҒИДАСЫ