2010 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын
пайдалану үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 262 шешімі
IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІV сессиясының 2010.13.12. № 381 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38 бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің 487 бабының 1 тармағына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2010 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалану үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.