2008 жылғы 13 желтоқсандағы «Талдықорған қаласының 2009 жылғы бюджеті туралы»
№ 88 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 107 шешімі
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 106-бабының 1, 2 тармақтарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2008 жылғы 13 желтоқсандағы «Талдықорған қаласының 2009 жылғы бюджеті туралы» № 88 (2009 жылғы 8 қаңтардағы тіркеу № 2-1-91, «Талдықорған» газетінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы 3-нөмірі), 2009 жылғы 24 ақпандағы № 100 енгізілген өзгерістермен (2009 жылғы 16 наурыздағы тіркеу № 2-1-93, «Талдықорған» газетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы 13-нөмірі) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«1. Кірістер» деген жол бойынша «7428978» саны «9399530» санына ауыстырылсын;
«трансферттердің түсімдері» деген жол бойынша «6618597» саны «8589149» санына ауыстырылсын;
«2. Шығындар» деген жол бойынша «7413346» саны «9385751» санына ауыстырылсын;
«5. бюджеттің тапшылығы» деген жол бойынша»-64368» саны»-66221» санына ауыстырылсын;
«6. бюджеттің тапшылығын қаржыландыру» деген жол бойынша «64368» саны «66221» санына ауыстырылсын;
«бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары» деген жол бойынша «154590» саны «156443» санына ауыстырылсын;
«жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» деген жол бойынша «119718» саны «118268» санына ауыстырылсын;
«елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деген жол бойынша «22711» саны «23475» санына ауыстырылсын;
«білім беру» деген жол бойынша «3768702» саны «3724175» санына ауыстырылсын;
«әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» деген жол бойынша «446121» саны «535561» санына ауыстырылсын;
«тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген жол бойынша «2057072» саны «3859990» санына ауыстырылсын;
«мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» деген жол бойынша «83181» саны «85023» санына ауыстырылсын;
«ауыл шаруашылық және жер қатынастарын атқару органдары» деген жол бойынша «35247» саны «14644» санына ауыстырылсын;