«Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 2 қарашадағы № 436 бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен күші жойылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 33 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5561 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көзделген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесіне:
6) тармақшада:
«абоненттік құрылғы» сөздерінен кейін «немесе абоненттік станция» сөздерімен толықтырылсын;
«ұялы» сөзі алынып тасталсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) абоненттер туралы қызметтік ақпарат - абоненттер туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін телефон нөмірлері, сәйкестендіру кодтары, пошталық мекен-жайы, дара сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлғалар үшін деректемелер (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері), биллингтік мәліметтер және абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер;»;
мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
«24) роуминг - ұялы байланыс операторларының арасындағы роумингтік келісім негізінде, бір ұялы байланыс операторының абонентіне екінші ұялы байланыс операторының желісінде ұялы байланыс қызметтерін көрсету. Роумингті іске асыру үшін абоненттік станцияның (абоненттің ұялы телефонының) және екінші ұялы байланыс оператор желісінің техникалық үйлесімділігі қажет.»;
4-тармақтағы «заңнамасымен» сөзі «заңдарымен» сөзімен ауыстырылсын;