«Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 561 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 553 Бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 515 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 561 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5033 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтарда № 4 (1230) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесінде (әрі қарай - Ереже):
Ереже атауының мемлекеттік тілдегі мәтінінде «ұйымдастыру және» деген сөздері алып тасталынсын;
мемлекеттік тілдегі мәтіннің 7-тармағында «білім департаменттері» деген сөздер «, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары» деген сөздермен ауыстырылсын;