Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау ережесі (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы № 634 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 Бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Денсаулық

сақтау министрінің 2009 жылғы

2 қарашадағы № 634 бұйрығына

2-қосымша

 

Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау
ережесі
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды айқындайды.

2. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы

таңбалау әр моделі үшін бірдей болуы, Қазақстан Республикасының

заңнамасымен бекітілген «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысының және осы Ереженің талаптарына қайшы келмеуі тиіс.

3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау - тұтынушыға арналған ақпарат жазылған және заттаңбаға, контрэтикеткаға, кольереткаларға, затбелгіге, қаптамаға (ыдысқа) немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың өзіне жапсырылған мәтін, тауарлық белгі, шарты белгілер және суреттер;

2) медициналық техниканың пайдалану құжаты - медициналық

техниканы өндіруші әзірлейтін тұтынушыға арналған құжат, онда медициналық техниканың құрылымы, әрекет ету принциптері, өлшемдері, сипаты (қасиеті), оның құрамдық бөліктері туралы деректер; медициналық техниканы дұрыс әрі қауіпсіз пайдалануға (тағайындау бойынша қолдану, техникалық қызмет көрсету, сақтау және тасымалдау) арналған нұсқаулар; пайдалану жөніндегі деректер; өндіруші туралы, бұйымды жеткізуші және олардың кепілді міндеттері туралы ақпараттар қамтылады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.