«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2277 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2277 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 177 Қаулысымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 139-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

тақырыптағы және 1-тармақтағы «шетелдік» деген сөзден кейін «және қазақстандық» деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесінде:

тақырыптағы «шетелдік» деген сөзден кейін «және қазақстандық» деген сөздермен толықтырылсын;

«Шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар және қорлар» деген бөлімде:

тақырыптағы «Шетелдік» деген сөзден кейін «және қазақстандық» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 163-жолмен толықтырылсын:

«163. «Бота» қоғамдык қоры».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.