Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1002 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2282 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 79 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 4-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, сондай-ақ түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін, олардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1002 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары өндіретін, орындайтын, көрсететін, олардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі мен көлемінде:
«Қарулы құрылымдық және басқа да ұйым қызметкерлеріне арналған нысанды киім» деген реттік нөмірі 49-жол мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«