Ядролық авария туралы жедел хабарлау жөніндегі
конвенция
(Вена қ., 1986 жыл 26 қыркүйек)
Ядролық авария жағдайындағы немесе радиациялық авариялық жағдайдағы көмек туралы конвенцияны қараңыз
ҚР 2010 жылғы 3 ақпандағы № 243-IV Заңымен ратификацияланды
ҚР үшін 2010 жылғы 9 сәуірде күшіне енді
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер,
ядролық қызметтің бірқатар мемлекеттерде жүзеге асырылып жатқанын сезіне отырып,
ядролық қызметті жүзеге асырған кезде қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін ядролық аварияларды болдырмауға және егер ол орын алса, кез келген осындай авариялардың зардаптарын мейлінше азайтуға бағытталған жан-жақты шаралардың қабылданып келгенін және қабылданатынын атап көрсете отырып,
ядролық энергияны қауіпсіз дамыту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тілек білдіре отырып,
трансшекаралық радиациялық зардаптарды барынша азайту мақсатында ядролық авария туралы тиісті ақпаратты мемлекеттердің неғұрлым жедел беруінің ықтимал қажеттігіне көз жеткізе отырып,
осы салада ақпарат алмасу туралы екі жақты және көп жақты уағдаластықтардың пайдалылығын атап көрсете отырып,
мына төмендегілер туралы келісті:
1. Осы Конвенция төмендегі 2-тармақта көрсетілген қатысушы мемлекеттердің немесе тұлғалардың немесе солардың заңды құзырындағы немесе бақылауындағы заңды субъектілердің қондырғыларына немесе қызметіне байланысты радиоактивтік заттар шығарып тасталатын немесе шығарып тасталуы мүмкін және ол халықаралық трансшекаралық шығарындыға алып келетін немесе алып келуі мүмкін, радиациялық қауіпсіздік тұрғысынан басқа мемлекет үшін маңызы бар кез келген авария жағдайында қолданылады.
2. 1-тармақта көрсетілген қондырғылар мен қызметтер мыналар болып табылады:
а) орналасқан жеріне қарамастан кез келген ядролық реактор;
b) ядролық отын циклының кез келген қондырғысы;
с) радиоактивтік қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі кез келген қондырғы;
d)ядролық отынды немесе радиоактивтік қалдықтарды тасымалдау мен сақтау;