«Орал қаласы бойынша 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы № 3 қаулысы (2010.09.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Орал қаласы бойынша 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы № 3 қаулысы

(2010.09.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010.12.23 № 3055 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын басшылыққа алып, еңбек нарығындағы жағдайды және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010.29.04. № 907 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпкер субъектілердің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі және қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар осы қаулыны орындауға ұсынылсын.

3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.