Қостанай облысының 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы № 243 шешімі
Осы редакция 2010 жылғы 11 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облысының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 58453173,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 2939796,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 31029,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 55482348,0 мың теңге;
2) шығындар - 57950289,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -364444,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 50000,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 414444,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 497328,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 497328,0 мың теңге;
5) бюджет профициті - 370000,0 мың теңге;
6) бюджет профицитін пайдалану - 370000,0 мың теңге.
2. Аудандар мен қалалар бюджеттеріне жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың 100 пайызын аудару жолымен кірістерді бөлу нормативтері белгіленсін.
3. 2010 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандар мен қала бюджеттеріне берілетін субвенциялардың мөлшері 13 987 158,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:
Алтынсарин - 575 669,0 мың теңге;
Амангелді - 863 529,0 мың теңге;
Әулиекөл - 1 274 141,0 мың теңге;
Денисов - 712 064,0 мың теңге;
Жангелдин - 892 670,0 мың теңге;
Жітіқара - 612 408,0 мың теңге;
Қамысты - 641 491,0 мың теңге;
Қарабалық - 835 625,0 мың теңге;
Қарасу - 1 035 132,0 мың теңге;
Қостанай - 867 091,0 мың теңге;
Меңдіқара - 999 143,0 мың теңге;
Науырзым - 610 719,0 мың теңге;
Сарыкөл - 768 384,0 мың теңге;
Таран - 698 490,0 мың теңге;
Ұзынкөл - 841 272,0 мың теңге;
Федоров - 813 458,0 мың теңге;
Арқалық қаласына - 945 872,0 мың теңге.