«2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 23/248-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 24/266-IV шешімі

«2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 23/248-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 24/266-IV шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 23/248-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2018 -нөмірімен тіркелген, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 194-нөмірінде 2009 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақта:

1) тармақшада:

«159 496 305» деген сандар «211 318 342» деген сандармен ауыстырылсын;

«146 784 801» деген сандар «198 606 838» деген сандармен ауыстырылсын;

2) тармақшада:

«156 348 201» деген сандар «208 170 238» деген сандармен ауыстырылсын;

3), 5), 6) тармақшалар төмендегі редакцияда жазылсын:

«3) таза бюджеттік кредиттеу- 4 408 533 мың теңге;

бюджеттік кредиттер - 5 973 533 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 565 000 мың теңге;

5) бюджет дефициті - - 4 369 629 мың теңге;

6) бюджет дефицитін қаржыландыру - 4 369 629 мың теңге»;

5-тармақтың бірінші бөлігінде:

екінші абзацта «физика кабинеті» сөзінен кейін «биология» деген сөзбен толықтырылсын;

«596 970» деген сандар «883 760» деген сандармен ауыстырылсын;

«129 527» деген сандар «865 260» деген сандармен ауыстырылсын;

«394 524» деген сандар «1 306 991» деген сандармен ауыстырылсын;

«84 910» деген сандар «254 985» деген сандармен ауыстырылсын;

«1 861 700» деген сандар «3 234 815» деген сандармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы сегізінші - он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

«жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға - 708 762 мың теңге;

негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға - 260 427 мың теңге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.