«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 105 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы 2006 жылғы 25 шілдедегі
№ 66 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 105 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 126 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқарудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау және мониторингі мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесінде:

1, 15-тармақтар және 4-тараудың атауы «сыртқы» деген сөзден кейін «немесе сыртқы транзиттік» деген сөздермен толықтырылсын;

11, 14-тармақтар «Сыртқы» деген сөзден кейін «немесе сыртқы транзиттік» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақта:

4) тармақшада «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) сыртқы басқарушылардың санын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысында белгіленген сыртқы басқарудың тиісті көлемдерде ұстап тұру үшін сыртқы басқаруға беріледі.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.