Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломаттық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2236 Қаулысы
(2010.16.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломаттық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
ҚР Үкіметінің 2010.16.07. № 725 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Македония Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломаттық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.