(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) КОРПОРАЦИЯЛЫҚ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІ...

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2008 жылгы 25 желтоқсандағы

№ 611 бұйрығымен бекітілген

 

Осы редакция 2009 жылғы 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Корпорациялық табыс салығы
бойынша салық есептілігін (декларация) жасау ережесі
(100.00-нысан)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес әзірленген және корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған Корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Енгізу туралы заң) 23-бабына сәйкес қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, коммерциялық емес ұйымдарды және Салық кодексінің 134 және 135-баптарының шарттарына сай келетін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды, сондай-ақ 110.00-нысан бойынша Корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) толтыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар жасаайды.

2. Декларация Декларацияның өзінен (100.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (100.01-ден 100.26-ға дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.