Мәслихатының «Қостанай қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 253 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 265 шешімі
Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай қалалық Мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай қалалық мәслихатының «Қостанай қаласының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 253 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-1-137, «Қостанай» газетінің 2010 жылғы 7 қаңтарында жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған шешім 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«1) кірістер - 14768637,0 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 9501986,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 59014,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 507000,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 4700637,0 мың теңге;
2)шығыстар - 14676461,6 мың теңге;
3)таза бюджеттік кредит беру - -5544,0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттерді өтеу - -5544,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 34000,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 34000,0 мың теңге;
5) бюджет профициті - 63719,4 мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - -63719,4 мың теңге.».
Аталған шешім келесі мазмұнды 4-1 тармағымен толықтырылсын:
«4-1. 2010 жылға арналған қалалық бюджетте нысаналы трансферттерді қайтару ескерілсін, олардың көлемі келесідей:
республикалық бюджетке 2,7 мың теңге;
облыстық бюджетке 1460,2 мың теңге.».
Аталған шешім келесі мазмұнды 5-1, 5-2 тармақтарымен толықтырылсын:
«5-1. 2010 жылға арналған қалалық бюджетте ағымды нысаналы трансферттердің және республикалық бюджеттен дамуға арналған трансферттердің түсімі келесі көлемде қарастырылғаны ескерілсін: