«2010-2012 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 28/261-4с шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 29/280-4с шешімі

«2010-2012 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы»
 Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 28/261-4с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 29/280-4с шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШЕМІЗ:

1. «2010-2012 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 28/261-4с (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14-1-103 тіркелген, 2010 жылдың 8 қаңтарында «Шымкент келбеті» № 1 газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

1. Қала бюджетінің 2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджеті 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 17 822 870 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 14 762 291 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 123 379 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 383 010 мың теңге;

трансферттер түсімі - 554 190 мың теңге;

2) шығындар - 17 115 543 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - - 11 648 мың теңге:

бюджеттік кредиттерді өтеу - 11 648 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 718 975 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 718 975 мың теңге:

қарыздарды өтеу - 1 565 000 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланатын қалдықтары - 846 025 мың теңге.

аталған шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

Х.Сарсенов

 

Қалалық мәслихат хатшысы

Ж.Махашов

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.