«Техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 270 бұйрығы (күші жойылды)

Техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009жылғы 4 маусымдағы № 270 бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 445 бұйрығымен күші жойылды

 

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, нормативтік, оқу-әдістемелік базаны жетілдіру, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені тарату және пысықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

Қоса беріліп отырған:

1) Техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік кеңесі туралы ереже;

2) оқу-әдістемелік кеңес құрамы бекітілсін.

2. «Бастауыш және орта кәсіптік білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 8 сәуірдегі № 282 бұйрығының күші жойылсын.

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.

 

 

Министр

Ж. Түймебаев

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2009 жылғы 4 маусымдағы

№ 270 бұйрығымен бекітілген

 

 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру

мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрлігінің оқу-әдістемелік кеңесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік кеңесі (бұдан әрі - ОӘК) консультативті-кеңесші орган болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.