51-ші Халықаралық математикалық олимпиадаға дайындалу және оны өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 10-ө Өкімі
2010 жылғы 6 - 17 шілде аралығында Астана қаласында 51-ші Халықаралық математикалық олимпиадаға (бұдан әрі - Математикалық олимпиада) дайындалу және оны өткізу мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Математикалық олимпиадаға дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;
2) Математикалық олимпиадаға дайындалу және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар Жоспарда көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010 жылғы 1 қазанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Математикалық олимпиаданың қорытындылары туралы ақпарат берсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 21 қаңтардағы
№ 10-ө өкімімен
бекітілген
51-ші Халықаралық математикалық олимпиадаға дайындалу
және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің
құрамы
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы
| - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төраға
|
Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы
| - Астана қаласының әкімі, төрағаның орынбасары
|
Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төрағаның орынбасары
|
Битуова Тілдаш Рысқұлбекқызы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, хатшы |
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері
Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы
| - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
|
Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы
| - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі
|