Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (100.00-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген) (2010.30.06. берілген өзгерістемен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574

Бұйрығымен бекітілген

 

Корпоративтік табыс салығы

бойынша декларацияға

(100.00-нысан) қосымша

 

ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады

 

ҚР Қаржы министрінің 2010.30.06. № 311 Бұйрығымен мәтіні бойынша «2010 жылдың 13 тамызына дейін» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарына дейін» деген сөздермен ауыстырылды, «2010 жылдың 13 тамызынан бастап» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

 

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
ережесі
(100.00-нысан)

(2010.30.06. берілген өзгерістемен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Енгізу туралы Заң) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны мыналарды:

мемлекеттік мекемелерді;

Енгізу туралы Заңның 23-бабына сәйкес қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын;

Салық кодексінің 134-бабы 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабының тиісті шарттарына сай келетін коммерциялық емес ұйымдарды;

Салық кодексінің 135-бабының шарттарына сай келетін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды;

110.00 немесе 150.00.-нысан бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (Декларацияны) толтыратын, жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар жасайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.