акцизделетін тауарларды бақылау;
трансферттік баға белгілеу кезінде бақылау;
мемлекеттің меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 205-1) тармақшамен толықтырылды
205-1 тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 205-2) тармақшамен толықтырылды
205-2) есепке алуды жүргізу тәртібін бұзған жағдайда жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналым, шығындар, шығыстар) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау;
206) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
207) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 208) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
208) Салық кодексінде және тиісті халықаралық шартта белгіленген тәртіппен халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;
209) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын бақылау;
210) нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреттер шегінде салыққа жатпайтын төлемдердің түсімін бақылау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 210-1) тармақшамен толықтырылды
210-1) Қазақстан Республикасының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы заңнамасына сәйкес соттарда талап қою арызын ұсыну;
211) трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау, мәміле бағасының тауардың (жұмыстың, қызметтің) нарықтық бағасынан ауытқу мәселесі бойынша тексеру, мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісі анықталған кезде салық салу объектілерін түзету;
212) темекі бұйымдарының өндірісі және айналымы көлемдерінің теңгерімдерін бақылау;
213) темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы көлемдерінің теңгерімдерін есепке алуды және талдауды жүргізу;
214) этил спирті өндірісінің технологиялық желісін және алкоголь өнімдерінің құйылу желісін тиісті спирт өлшеуші аппараттармен және есепті бақылау құралдарымен, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу зауыттарында, мұнай өнімдері базасында және автомобильдерге құйып беру станцияларында есепті бақылау құралдарымен жабдықтау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 214-1) тармақшамен толықтырылды
214-1) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
215) мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларының жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкестігін бақылау;
216) мемлекеттік мекемелердің шоттарына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның есепке алынуының дұрыстығын бақылау;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 217) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
217) мемлекеттік мекемелердің ұсынатын міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, жеке қаржыландыру жоспарларына, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың, төлем тапсырмаларының, азаматтық-құқықтық мәмілелердің бюджет заңнамасына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру;
218) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның шығыстары бойынша операциялардың жүргізілуін бақылау;
219) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
220) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік қаражаты, валюталық және ағымдағы шоттар бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы тоқсандық және жылдық есептерін қабылдау және тексеруді жүзеге асыру;
221) Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің және қабылдануы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде қарастырылған бюджеттің атқарылу тәртібін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу кезінде мемлекеттік мекемелердің төлемдерінің жүзеге асырылуын тоқтата тұру;
222) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
223) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
224) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
225) ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
226) конкурстық іс жүргізу мерзімін ұзарту.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
12. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру барысында заңнамада бекітілген тәртіппен:
өз құзыреті шегінде атқаруға міндетті болатын нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
мемлекетті органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамамен бекітілген тәртіппен қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы.
13. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдің ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлер) болады.
14. Министр Министрліктің басшылығын жүзеге асырады және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауап береді.
1) өз орынбасарларының міндеттерін айқындайды;
2) еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрліктің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;
4) барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
6) Министрліктің ведомстволары туралы ережелерді бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының Президентіне Кеден органдарының қызметкерлеріне жоғары басшылық құрамының арнайы атағын беру туралы ұсыным енгізеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құзыреттерді іске асырады.
16. Министрлік қабылдайтын шешімдер министрдің бұйрықтарымен ресімделеді.
17. Министрліктің аппаратын басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы жүзеге асырады.
18. Үкіметтің, министрдің орнынан түсуі жауапты хатшының өкілеттіктерінің тоқтауына әкеп соқпайды.
19. Жауапты хатшы өзінің қызметін жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.
1) Министр қалыптастыратын реттелетін мемлекеттік басқару салаларындағы саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді және өз тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
2) Министрліктің аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Министрліктің штат саны лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 562 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алудың өткізілуін ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін Министрлік департаменттерінің және басқармаларының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) ведомстволар басшыларының тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын Министрдің тағайындауын келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылғандарды қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау (қайта даярлау), олардың біліктілігін арттыру, оларды көтермелеу, оларға сыйлық беру, үстемақы төлеу және сыйлық беру мәселелерін шешеді;
12) еңбек қатынастарының мәселелері Министрдің құзыретіне жатқызылғандарды қоспағанда, Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Министрі бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы жоспарының және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есептің әзірленуін қамтамасыз етеді және Министрліктің басшысына бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге бюджеттік өтінімді ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
16) Министрліктің қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін дайындауды және Министрмен келіскеннен кейін бекітуді қамтамасыз етеді;
17) регламенттерді және мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары жөніндегі қорытындыларды дайындауды ұйымдастырады;
20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлікті білдіреді;
21) Жауапты хатшыға Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Президентінің актілері жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне міндетті орындалуға тиіс тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан Жауапты хатшының құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.
22. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.
23. Министрліктің Министрдің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының арасынан Министр бекітеді.
24. Министрліктің қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелерін, лауазымды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыретін және өкілеттігін, жауапты хатшы бекітетін Министрліктің жұмыс регламенті және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер белгілейді.
25. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет тапсырған мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптастырылады.
26. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
27. Егер заңнамалық актіде өзгеше белгіленбесе, Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге де жолдармен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта құру және тарату
28. Министрлікті қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 17 қазандағы № 962 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.23.12. № 1228 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі