(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

8) мұндай резидент еместің Қазақстан Республикасындағы қызметі барысында туындаған міндеттемелерін, оның ішінде жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге жасасқан келісімшарттар (шарттар, келісімдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткізуге сыртқы сауда келісімшарттары бойынша міндеттемелерін резиденттің және резидент еместің орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар);

9) резидент заңды тұлғадан, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер нысанындағы табыстар;

10) мыналардан:

резиденттен;

егер Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесі немесе мүлкі бар резидент еместің берешегі оның тұрақты мекемесіне немесе мүлкіне қатысты болса, осы резидент еместен алынатын, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар түріндегі табыстар;

11) мыналардан:

резидент эмитенттен;

егер Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесі немесе мүлкі бар резидент еместің берешегі оның тұрақты мекемесіне немесе мүлкіне қатысты болса, осы резидент емес эмитенттен алынатын, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі табыстар;

12) егер роялти төлеу жөніндегі шығыстар осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резиденттен немесе резидент еместен алынатын, роялти түріндегі табыстар;

13) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;

14) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар;

15) Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар;

16) халықаралық тасымалдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішіндегі тасымалдарда көлік қызметін көрсетуден түсетін табыстар.

Әртүрлі мемлекеттерде орналасқан, біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын пункттер арасында жүзеге асырылатын теңіз, өзен немесе әуе кемесімен, автокөлік құралымен немесе темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, тауарларды, оның ішінде почтаны кез келген тасымалдаулар осы бөлімнің мақсатында халықаралық тасымалдар болып танылады.

Осы бөлімнің мақсатында мыналар:

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі пункттер арасында ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішіндегі пункттер арасында ғана жүзеге асырылатын тасымал;

өнімді құбырлармен өткізу халықаралық тасымалдар болып танылмайды;

17) Қазақстан Республикасының аумағындағы құбырларды, электр беру желілерін, оптикалық-талшықты байланыс желілерін пайдаланудан түсетін табыстар;

18) резидент емес жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе резидент емеспен жасасқан еңбек шарты (келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстары;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

19) өздерiне резидентке қатысты жүктелген басқарушылық мiндеттердi орындауға байланысты, мұндай мiндеттердi нақты орындайтын жерiне қарамастан, басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесiнiң немесе өзге де органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер;

20) жұмыс беруші болып табылатын резидент немесе резидент емес Қазақстан Республикасында тұруына байланысты резидент еместің жеке тұлғаға төлейтін үстемақылары;

21) жұмыс беруші (резидент немесе резидент емес) еңбек шартының (келісімшартының) негізінде немесе өзге де тұлға қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың негізінде шеккен, резидент емес жеке тұлғаны материалдық, әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге жұмсалған шығыстарды қоса алғанда, осындай жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін табыстары. Бұл ретте мұндай шығыстарға осындай жеке тұлғаның тамақтануына, тұруына, оның балаларын оқу орындарында оқытуға жұмсалатын шығыстар, оның отбасы мүшелерінің демалысқа барып-келуін қоса алғанда, демалуға байланысты шығыстар жатады;

22) резидент жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;

23) қалайша және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, мәдениет және өнер қызметкеріне: театр, кино артистеріне, радио, теледидар қызметкеріне, музыкантқа, суретшіге, спортшыға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетін табыстар;

24) егер ұтысты төлеу осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент немесе резидент емес төлейтін ұтыстар;

25) Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызмет көрсетуден алынған табыстар;

26) Қазақстан Республикасындағы мүліктен түсетін табыстарды қоса алғанда, осындай мүлікті тегін алу түріндегі табыстар;

27) туынды қаржылық құралдар бойынша табыстар;

28) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын резидент емес үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемелерін орындау жүктелмеген сенімгерлікпен басқарушы-резиденттен мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тағайындау туралы акт бойынша алынған табыстар;

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен бап 28-1) тармақшамен толықтырылды

28-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;

29) Қазақстан Республикасының аумағындағы кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде туындайтын басқа да табыстар.

2. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес резидент еместің табыстарынан есептелген және салық агенті өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген табыс салығының сомасы резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары болып табылмайды.

 

23-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТІН ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ

ҚҰРМАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНА

САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ

 

193-бап. Төлем көзінен табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібі

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстiң 192-бабында айқындалған табыстарына шегерiмдер жүзеге асырылмай, төлем көзiнен табыс салығы салынады.

Бұл ретте төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығының сомасын салық агентi осы Кодекстiң 192-бабында көрсетiлген, төлем көзiнен салық салынатын табыстардың сомасына осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы есептейдi.

2. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табысты төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емес заңды тұлғаға табысын төлеу кезінде ұстайды.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

3. Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік резидент емеске табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған мынадай тұлғаларға:

1) дара кәсіпкерге;

2) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

3) заңды тұлғаға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске жүктеледi.

Бұл ретте резидент емес заңды тұлға оның филиалы, өкiлдiгi немесе филиал немесе өкiлдiк ашпаған тұрақты мекемесi Қазақстан Республикасының салық органдарында тiркеу есебiне қойылған күннен бастап салық агентi болып танылады;

4) депозитарлық қолхаттардың базалық активінің резидент эмитентіне жүктеледі.

4. Қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес түрде ақшаны, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, тауарларды, мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстарды төлеу бойынша резидент еместің алдындағы берешекті өтеу есебінен жүргізілетін борышты талап етуді есептен шығару немесе есебіне жатқызу табысты төлеу деп түсініледі.

5. Мыналар:

1) сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізуге байланысты төлемдер;

2) резидент банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу және солар бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы есеп айырысуларды жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

3) бiр мезгiлде мынадай:

акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иелену;

дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның немесе консорциумының жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi дивидендтердi төлеу күнi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер салық салуға жатпайды.

Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:

акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;

заңды тұлға оның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi;

заңды тұлғаны таратқан кезде немесе қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады;

4) ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша, оларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын төлеп сатып алған кездегі табыстар;

5) осындай дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;

6) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

7) осы Кодекстің 197-бабында көрсетілгендерді қоспағанда, егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;

8) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;

9) осы Кодекстің 216-бабында көрсетілген резидент емес заңды тұлғаның шартты банктік салымдары бойынша сыйақылары;

10) біртұтас құбыр жүйесі арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тасымалданатын шикі мұнайды өткізу сапасы бойынша құнды түзетуге байланысты төлемдер;

11) резидент сатып алушылар борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есебіне жазылған) сыйақылар сомасы;

12) халықаралық қаржы лизингі шарттары бойынша негізгі құралдарды қаржы лизингіне беруден түсетін табыстар;

13) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар салық салуға жатпайды.

6. Резидент емес заңды тұлғаның өз табыстарын үшінші тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегі өз бөлімшелерінің пайдасына жұмсауына қарамастан, осы резидент еместің табыстарына төлем көзінен салық салынады.

 

194-бап. Төлем көзінен табыс салығының ставкалары

Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары мынадай ставкалар бойынша төлем көзінен салық салуға жатады:

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңнын 6 бабына сәйкес 194-бабы 1) тармақшасының қолданылуы төлем көзінен алынатын табыс салығы ставкасының мөлшері бөлігінде 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын

1) осы баптың 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, осы Кодекстің 192-бабында айқындалған табыстар -15 процент;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

2) осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген табыстар - 20 процент;

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңнын 17 бабына сәйкес 194-бабы 3) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын

3) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 15 процент;

4) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 5 процент;

5) халықаралық тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар - 5 процент;

6) құн өсімінен түсетін табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти -15 процент.

 

195-бап. Төлем көзінен табыс салығын аударудың тәртібі

мен мерзімдері

1. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын төлем көзінен табыс салығын салық агенті бюджетке:

1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгеннен басқа жағдайда, есебіне жазылған және төленген табыс сомасы бойынша - табысты төлеу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша оны төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей;

2) есебіне жазылған, бірақ шегерімге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша - резидент еместің шегерімге жатқызылған табыстары есепті салық кезеңінің отыз бірінші желтоқсанындағы валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей аударуға тиіс.

Осы тармақшаның ережелері өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады;

3) алдын ала төленген төлем бойынша - табысты есептеу күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша резидент еместің табысы есебіне жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей аударуға тиіс.

2. Егер резидент еместің табысының есептелген сомасы ағымдағы салық кезеңінде шегерімге жатқызылған болса, бірақ бұл ретте резидент емеске мұндай табысты төлеу келесі салық кезеңдерінде жүргізілсе, онда төлем көзінен табыс салығын салық агенті осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімде бюджетке аударуға тиіс.

3. Төлем көзінен табыс салығының сомасын резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан бюджетке аударуды салық агенті өзі орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға төлем көзінен табыс салығының сомасын резидент еместің табыстарынан бюджетке аударуды өзінің тұрақты мекемесі орналасқан жер бойынша жүргізеді.

 

196-бап. Салық есептілігін табыс ету

Салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзімде:

1) төлем көзінен табыс салығын ұстау жөніндегі міндеттеме туындаған есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей;

2) резидент еместің есебіне жазылған, бірақ төленбеген табыстары шегерімге жатқызылған есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.

Бұл ретте есепті салық кезеңінің 31 желтоқсаны резидент еместің есебіне жазылған, бірақ төленбеген табыстарын шегерімге жатқызу күні болып танылады.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) тақырыбы өзгертілді

197-бап. Қазақстан Республикасындағы мүлiктi және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерiн өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстардан салықты есептеу, ұстау және аудару

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Осы бап мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке құқық немесе мүлiкпен жасалатын мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi;

2) Қазақстан Республикасының аумағындағы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi;

3) резидент шығарған акцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе қатысушысы (қатысушылары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;

4) егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткізу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құраса, резидент шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн;

5) егер аталған резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткізу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құраса, резидент емес шығарған акцияларды және резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткізу кезiнде резидент еместiң құн өсiмiнен түсетiн табыстарына қолданылады.

Бұл ретте құн өсiмi осы Кодекстiң 87-бабына сәйкес айқындалады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

1-1. Осы Кодекстiң осы бабы мен 133, 156, 193 және 201-баптарының мақсаттары үшiн жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) акцияларды (қатысу үлестерiн) өткізу күнгi заңды тұлғаның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнындағы мүлiк үлесi оның (олардың) акцияларын (қатысу үлестерiн) заңды тұлға иеленетiн, акциялары (қатысу үлестерi) осындай заңды тұлға активтерiнiң жалпы құнына өткiзiлетiн Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары) мүлкiнiң құны сомасының арақатынасы ретiнде айқындалады.

Осы Кодекстiң осы бабы мен 133, 156, 193 және 201-баптарының мақсаттары үшiн жер қойнауын пайдаланушының (жер қойнауын пайдаланушылардың) қатысу үлестерiн өткізу күнгi консорциумға қатысу үлестерiнiң құнындағы мүлiк үлесi олардың акцияларын (қатысу үлестерiн) қатысу үлестерi өткiзiлетiн консорциумға қатысушылар иеленетiн Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (жер қойнауын пайдаланушылары) мүлкiнiң құны сомасының осындай қатысушылар активтерiнiң жалпы құны сомасына арақатынасы ретiнде айқындалады.

Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушысы (оның ұйымдық-құқықтық нысанына қарай) мүлкiнiң құны:

акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлға иеленетiн, Қазақстан Республикасының осындай жер қойнауын пайдаланушысындағы қатысу үлесiнiң;

акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлға иеленетiн, Қазақстан Республикасының осындай жер қойнауын пайдаланушысы шығарған акциялардың баланстық құны болып танылады.

Акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлғаның барлық активтерiнiң баланстық құн сомасы осындай заңды тұлға активтерiнiң жалпы құны болып танылады.

Активтердiң баланстық құны акциялары (қатысу үлестерi) өткiзiлетiн заңды тұлғаның немесе қатысу үлестерi өткiзiлетiн консорциум қатысушыларының осындай заңды тұлға немесе консорциум құрылған мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген:

акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күнгi жеке қаржы есептілігiнiң;

акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күнi жеке қаржы есептілігi болмаған кезде акциялардың (қатысу үлестерiнiң) меншiк құқығы сатып алушыға берiлген күннiң алдындағы соңғы есептi күнгi жеке қаржы есептілігiнiң деректерi негiзiнде айқындалады.

Тұлғалар (резиденттер және резидент еместер) Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушыларының (жер қойнауын пайдаланушының) акцияларын (қатысу үлестерiн) иеленетiн заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын (қатысу үлестерiн) өткiзген кезде осы баптың осы тармағының және 1-тармағы 3) және 4) тармақшаларының ережелерiн қолданады.

Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғаның (тұлғалардың) акцияларды (қатысу үлестерiн) өткізу күнгi заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнындағы мүлкiнiң үлесiн айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

2. Осы Кодекстің 193-бабының 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген табыстарды қоспағанда, резидент еместің осы баптың 1-тармағында көрсетілген табыстары осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставка бойынша төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.

3. Салық органы энергетика және минералдық ресурстарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органнан Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның мүлкіне байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу-сату жөніндегі мәміле туралы мәлімет алған кезде осындай резидентке немесе консорциумға бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алушы туралы, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алу бағасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, хабарлама жіберуге міндетті.

4. Акцияларды, қатысу үлестерін, жылжымайтын мүлікті өткізуші тұлға сатып алушыға - салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етуге міндетті.

Салық агентіне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшірмесін табыс етпеген жағдайда, өткізу құны төлем көзінен табыс салығын салуға жатады.

5. Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік табысты төлейтін тұлғаға, оның ішінде резидент еместің Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесінің болуына немесе болмауына қарамастан, резидент емеске жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті болып танылады.

6. Салық агенті болып табылатын резидент емес осы Кодекстің 562-бабында белгілеген тәртіппен салық органында салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.

7. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табыс төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емеске табысты төлеу кезінде ұстайды.

8. Корпоративтік табыс салығының сомасын аударуды салық агенті осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімдерде резидент еместердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты табыс ете отырып, осы Кодекстің 195-бабында белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы салық агенті тіркеу есебіне алынған жердегі салық органына жүргізеді.

9. Салықты осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші резидент заңды тұлға немесе консорциум салық агентінің қаражаты есебінен төлеуі мүмкін. Бұл ретте осындай резидент заңды тұлға немесе консорциум салықты осы Кодекстің 196-бабында белгіленген мерзімдерде резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты табыс ете отырып, осы Кодекстің 195-бабында белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы резидент заңды тұлға немесе консорциум орналасқан жердегі салық органына аударуға тиіс.