(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2009.22.12 № 259/2...

2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Павлодар облыстық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 259/21 шешімі

 

Осы редакция 2010 жылғы 3 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2- тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. 2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға мына көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 49495700 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 12781632 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 360635 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша - 36353433 мың теңге;

2) шығындар - 48374196 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - -686261 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 100000 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 786261 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 209139 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 209139 мың теңге;

5) бюджет профициті - 1598626 мың теңге;

6) бюджет профицитін пайдалану - -1598626 мың теңге.

2. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бюджеттеріне салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2010 жылға мына көлемдерде үлестіру бекітілсін:

жеке табыс салығы бойынша:

Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар қалаларына - 100 пайыз, Екібастұз қаласына - 51,2 пайыз;

әлеуметтік салық бойынша:

Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына - 100 пайыз, Ақсу қаласына - 22,8 пайыз, Павлодар қаласына - 17,4 пайыз.

3. Облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2010 жылға мына көлемдерде үлестіру бекітілсін:

жеке табыс салығы бойынша:

Екібастұз қаласына - 48,8 пайыз;

әлеуметтік салық бойынша:

Ақсу қаласына - 77,2 пайыз, Павлодар қаласына - 82,6 пайыз, Екібастұз қаласына - 100 пайыз.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.