Мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, 2010 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 45 Қаулысы
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет корсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, 2010 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттік емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесі бекітілсін.