«2010 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 23-12қ Қаулысы (2010.24.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

2010 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 23-12қ Қаулысы

(2010.24.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 23-1192қ Қаулысымен күші жойылды

 

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Астана қаласы әкімдігінің 2010.24.06. № 23-563қ Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2010 жылы жұмыссыздар мен оқитын, жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

Тізбеге енгізуге тиісті қаржы жылына осы мақсаттарға бөлінген қаражаттар шегінде әлеуметтік-пайдалы бағыттары бар және жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлауын талап етпейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Басқарма) өтінім берген кәсіпорындар мен ұйымдар жатады.

2. «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері Басқармамен бірлесіп 2010 жылы қолайлы жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген жұмыссыздар мен сабақтан бос уақытында оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.

3. Ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздардың және оқитын жастардың еңбекақы төлемі 2010 жылға қала бюджетінде қаралған қаражаттар шегінде еңбекақыдан төмен емес еңбеақы мөлшерінде жұмыстардың нақты орындалған көлемі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.