Халықтың нысаналы топтарын және 2010 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 23-1қ Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 23-1147қ Қаулысымен күші жойылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар белгіленсін:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған тұлғалар бар азаматтар;
6) елу жасқа толған тұлғалар;
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
13) орта арнайы және орта кәсіптік оқу орындарының түлектері;
14) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
15) толық емес жұмыс режимінде қамтылған қызметкерлер;
16) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақасы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы тұлғалар;
17) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар (бала асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар).
2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма):