Оралмандардың 2010 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 74 Қаулысы
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына және «Оралмандардың 2009 - 2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес оралмандардың 2010 жылға арналған көшіп келу квотасы облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
1) облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдерімен бірлесіп, 2010 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және оларды орналастыру орындарында бейімдеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз етсін;