(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН... БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2008.26.05 № 77...

Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына
талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі басқармасының 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысы

(2009.07.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 29 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Бағалы қағаздар рыногы» туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 89-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.07.07 № 136 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы қаулы мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) арнайы қаржы компаниясы - секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін «Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылып отырған заңды тұлға;

2) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) - шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі өзінің жеке құрылтайшысының (қатысушысы, акционері) - осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне, оның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен қаржы тарту болып табылатын заңды тұлға;

3) борыштық бағалы қағаз - шығарылым шарттарымен белгіленген мөлшер мен мерзімде оның иесінің эмитенттен алатын негізгі борыш сомасы құқығын растайтын бағалы қағаз;

4) жергілікті атқару органдарының облигациялары - республика дәрежесіндегі қаланың, астананың жергілікті атқару органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.