Қазақстан Республикасының
Заңы
Халықаралық коммерциялық төрелiк туралы
Осы редакция 2010 жылғы 5 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер 1-6-баптар 2-тарау. Төреліктің құрамы 7-12-баптар 3-тарау. Төрелікте дауды шешуге байланысты шығыстар 13-14-баптар 4-тарау. Төреліктің құзыреті 15-бап 5-тарау. Төрелік іс қарауды жүргізу 16-25-баптар 6-тарау. Төрелік шешімін шығару және 26-30-баптар іс қарауды тоқтату 7-тарау. Төрелік шешімге шағым жасау 31-бап 8-тарау. Төрелік шешімдерді тану және орындау 32-33-баптарТұпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң халықаралық коммерциялық төрелiктiң Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметi процесiнде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ халықаралық коммерциялық төрелiктiң шешiмдерiн Қазақстанда тану және орындау тәртібі мен талаптарын реттейдi.
1-бап. Қолданылу аясы
Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгiленбесе, халықаралық коммерциялық төрелiк шешетiн, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық-құқықтық шарттардан туындаған дауларға қатысты қолданылады.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: