Санаткерлік меншік объектілері бар тауарларды тізілімге енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-министрі - Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 5 мамырдағы № 168 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 41 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 413, 414-баптарына сәйкес, 2010 жылғы 14 қаңтардағы № 3 «Қазақстанның кондитерлер қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің, 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 6406 «Парфюм-Топ» жауапкершілігі шектеулі қоғамының, «Перно Рикар Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 2/01 өтініштерінің негіздерінде, сондай-ақ 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 224-IV ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының күшіне енуіне байланысты, БҰЙЫРАМЫН: