Павлодар облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шараларын бекіту туралы
Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылдың 2 шілдедегі № 140/10 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 12-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңының 8-бабы 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар (бұдан әрі - Іс-шаралар) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындауын бақылау және Іс-шараларды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру облыс әкімінің орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсін.
Облыс әкімі | Б. Сағынтаев |
2009 жылғы 02 шілде
№ 140/10 қаулысына
қосымша
Павлодар облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың
қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған
іс-шаралар
№ | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі | Болжалды шығындар (млн. теңге) | Қаржы-ландыру көздері | |||
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау. Құқық қорғау органдарының қызметіндегі заңдылықты нығайту | |||||||||