Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2339 Қаулысы
(2010.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2339 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Стратегиялық жоспардың құрылымы
3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер
4. Функционалдық мүмкіндіктер және ықтимал қауіп-қатерлер
5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
6. Бағдарламалық және нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі
Агроөнеркәсіптік кешен салаларының экономикалық өсуіне және бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне жетуіне жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді, су, орман, аңшылық және балық шаруашылығын, ауылдық аумақтар мен аграрлық ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттің аграрлық саясатын қалыптастыру және іске асыру.
Пайымдауы
2010 - 2014 жылдардағы стратегиялық жоспардың шараларын іске асыру нәтижесі Агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, отандық өнімнің ұлттық бәсекелестік басымдылығын дамыту, елдің азық-түлік қауіпсіздігін және мемлекет қаржыны және материалдық активтерді басқару тиімділігін қамтамасыз ету, экономиканың ведомстволық бағынысты салаларын үйлестіруді жоғары деңгейге жеткізу болып табылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Бүгінгі таңда республиканың агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдай өндіріс тиімділігінің өсуімен, ауылдағы қаржы қызметі нарығының дамуымен, ауыл халқының өмір сапасының жақсаруымен сипатталады.
2008 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шауашылығының жалпы өнім көлемі 1384,2 млрд. теңгені құрады.
Қазіргі уақытта салада өндірістің жалпы өнімі 1 адамға есептегенде 4600 $ астамды құрайды.
2008 жылы ауылдық жерлердегі жұмыссыздықтың деңгейі 6% деңгейінде қалыптасты.
Жыл сайын ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар артуда. Егер 2002 жылы инвестициялар салу 17,3 млрд. теңгені құраса, ал 2008 жылы - 77,8 млрд. теңге немесе 4,5 есе артық болды.
Өсімдік шаруашылығы салаларында құрылымдық және технологиялық әртараптандыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басым сипатты ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алаңдарын кеңейту, экспортқа бағытталған бәсекеге қабілетті өнімдердің өндірісін арттыру жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы республика бойынша 2008 жылы астық дақылдарының егістік алаңдары 2007 жылмен салыстырғанда 778,4 мың га-ға (5,1%), оның ішінде бидай алаңы - 603,4 мың га-ға (4,7 %), арпа - 251,5 мың га-ға (13,5 %), астыққа арналған жүгері 5,8 мың га-ға (6,3 %), күздік қара бидай - 4,0 мың га-ға (7,6%) артты.
Ылғал қорын сақтау технологиясын ендіру алаңдары кеңеюде. 2008 жылы осы технологияны қолдана отырып 7,6 млн. га алаңға астық дақылдары егілді, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 2,6 млн. га немесе 52 % - ға артық.
2008 жылы жалпы астық жинау 10,1. ц/га орташа түсімділікпен өңдеуден кейін 15,6 млн. тоннаны құрады. Бұл көлем еліміздің жаңа астыққа дейінгі ішкі қажеттілігін және экспорттық-әлеуетті 5,5 - 6,0 млн. тоннаға дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл ретте, астықтың жоғары сапасы байқалады астық қабылдау кәсіпорындары сақтауға қабылдаған бидайдың -90%-ы 1, 2 және 3 классқа сәйкес келеді. Осы көрсеткіш 2007 жылы 76 %-ды құрады.
2008 жылы астық эквивалентінде 8,2 млн. тонна (2007 жылы - 9,0 млн. тонна шамасында) астық және ұн, оның ішінде 5,6 млн. тонна астық, 1,8 млн. тонна ұн экспортқа жөнелтілді. Бұл ретте, астық пен ұнды экспортқа сатудан түскен экспорттық түсімінің көлемі 2,5 млрд. АҚШ долларын құрады, ол 0,8 млрд. АҚШ долларына немесе 2007 жылдың ұқсас көрсеткішінен 52 %-ға артық.
Бұдан басқа, 128,0 млн. АҚШ доллары сомасына 93,2 мың тонна мақта-талшығы және 25,5 млн. АҚШ доллары сомасына 54,2 мың тонна майлы дақылдар экспортталған.
2008 жылдың қорытындысы бойынша республикада 9 мың тоннаға жуық бірегей тұқым өндірісіне қолдау көрсетілді, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 1539 мың дана жүзім мен жеміс-жидек дақылдарының көшетін және 70 мың тоннадан астам элиталық тұқым сатып алу құны 40 %-ға арзандатылды, 27,26 га алаңда жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және 19,7 га алаңына аталған дақылдардың өткен жылдарда салынған аналығын аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетудің шығындары толық өтелген.
Ел халқын тұтыну нормаларына сәйкес жеміс және жидектермен қамтамасыз ету үшін 16 мың гектардан кем емес алаңға жеміс дақылдарын және 4,5 мың гектарға жүзім егу қажет.
Осыған байланысты 2007 жылдан бастап республикалық бюджеттен жеміс-жидек дақылдарын және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіру үшін жыл сайын ақшалы қаражат бөлініп, республика үшін маңызды және табысты жеміс шаруашылығын мен жүзім шаруашылығын жаңадан жандандыруға мүмкіндік береді.
2008 жылы нақты салмақта 213,3 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілді. Тыңайтылған аумақ 2 295,2 мың гектарды құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 5 есеге артық. Алайда, енгізілген минералды тыңайтқыштардың осы көлемі қажеттіліктің 8 % ғана құрайды.
Егіншілікті тиімді жүргізу, топырақ құнарлылығын сақтау және ұдайы өсіру үшін тыңайтқыштар (органикалық тыңайқыштарды қоспағанда) қолдануды ары қарай ынталандыру қажет.
2008 жылы мал шаруашылығы саласында шаруашылықтардың барлық санатында шошқа басынан басқа, малдар мен құстар санының өсуі 2007 жылмен салыстырғанда, 3-8 пайызды, ал мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 3-12 пайызды құрады. Мал шаруашылығында жүргізіліп жатқан селекциялық-тұқымдық жұмыс саланың дамуына белгілі бір әсерін тигізіп отыр.
Алайда, мұнда бірқатар тежеу факторлары бар: барлық ауыл шаруашылығы мал санының 70 пайыздан астамы жеке үйлерде болуы; асыл тұқымды мал басының үлес салмағы төмен болып қалуы және 5-11 % ғана құруы; жануарларды асырау және қоректендірудің қарапайым технологиялары, өнімді өндіру және қайта өңдеудің ескірген технологиялары, мал шаруашылығы процесстерін механикаландыру және автоматтандырудың төмен деңгейі; орта және ірі тауарлы өндірістің мамандандырылған шаруашылықтарының жеткіліксіз дамуы; жемшөп базасының әлсіздігі, толық мөлшердегі құрама жемнің жетіспеушілігі және оның салдары ретінде мал және құстардың өнімділігінің-төмендігі.
Ветеринария саласында республикадағы эпизоотикалық саулықты және мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, елдің толық ветеринариялық саулығын қамтамасыз етуді мынадай күрделі мәселелер ұстап тұр: малдар мен құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы эпизоотияға қарсы шаралардың толық көлемде жүргізілмеуі, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдейтін кәсіпорындарда ветеринариялық бақылау жүргізетін бөлімшелер санының жетіспеушілігі; зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтамай ауыл шаруашылығы малдарын күтіп-бағу; ветеринариялық зертханалардың материалдық-техникалық жабдықтану деңгейінің төмендігі; жергілікті атқарушы органдардың мал қорымы және сою пункттерін салуды әлсіз ұйымдастыруы, жануарларды сәйкестендіру жүйесінің реттелмеуі, ветеринар мамандардың - лицензиаттардың біліктілік деңгейінің төмендігі.
АӨК-не қарасты қайта өңдеу кешенінің қазіргі жағдайын өндірістің өсуі үшін айтарлықтай әлеуеті бар және бір қалыпты деп бағалауға болады.
Тамақ өнеркәсібінің өнімдерін шығаруды 3 мыңға жуық кәсіпорын жүзеге асырады, олар 2008 жылы өнеркәсіптік өндірістің республикалық көлемінің - 7,2 %-ын және өңдеу өнеркәсібінің - 21,4 %-ын өндірілген. Соңғы бес жылда саланың орташа жылдық өсу қарқыны 108,3 %-ды құраған.
2008 жылы тамақ өнеркәсібінің өндіріс көлемі 734,1 млрд. теңгеге жеткен.
2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда ұн өндірісі - 9,6 %-ға, жарма - 7,4 %-ға, шұжық өнімдері - 4,7 %-ға, ет-өсімдік консервілері - 6,4 %-ға, қант - 30 %-ға, маргарин - 17,6 %-ға, көкөніс консервілері - 10,8 %-ға, печенье - 6 %-ға ұлғайды.
Есептік кезеңде 2007 жылмен салыстырғанда республикада 20 %-ға - өсімдік майларын, 27 %-ға - шырын, 2 %-ға - жеміс консервілерін өндіру көлемі төмендеді және 32 %-ға - томат консервілерінің өндірісі қысқарды.
Сондай-ақ, сүт өнімдерінің өндірісі барлық негізгі көрсеткіштер бойынша қышқыл сүт өндірісі 2,2 %-ға және қойылтылған сүт пен кілегейдің өндірісі 20 %-ға дейін төмендеді.
Өндіріс көлемінің төмендеуінің негізгі себептері сапалы шикізаттың (сүттің) жетіспеушілігі, дайын өнімнің арзан импортының өсуі, өндірістердің рентабельді сүт өнімдерінің түрлеріне бағытталуы.
Шығарылатын өнімдерінің сапасын жақсартуы және кәсіпорындарының халықаралық стандарттарға ауысуы бойынша жұмыс жалғастыруда, қазіргі уақытта ИСО және ХАССП халықаралық стандарттарына негізделген сапаның менеджмент жүйесін саланың 254 кәсіпорны енгізді, СМЖ енгізу бойынша 68 кәсіпорын өндірісін әзірлеуде және даярлауда.
Сонымен бірге, бір қатар проблемалар бар: ауыл шаруашылық өнімдерін ендіру жөніндегі кәсіпорындарының технологиялық жабдықтар тозуының жоғары дәрежесі, ауыл шаруашылық шикізатының/өнеркәсіптік өндірілуінің төмен деңгейі және сапалы шикізаттың болмауына байланысты қайта өндіретін кәсіпорын алыптылығының тиісті жүктелмегені, қайта өндіріс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің жеткіліксіз деңгейі және осының нәтижесінде олардың кейбіреулеріне импорттың жоғары үлесі, ХАССП принциптерін енгізу жөнінде жұмыстың жетіспеушілігі, орта буынның білікті мамандарының және кадрларының жетіспеушілігі.
Машина-тракторлық паркін жаңарту жөнінде мақсатты жұмыс жүргізілуде. 2008 жылы ауыл шаруашылығы техниканың негізгі түрлері бойынша 7034 бірлік сатып алынды.
Таяу және алыс шет елдерінің жоғары өнімді, қуатқа қанық техниканы сатып алынуы ауыл шаруашылық өндірісінің қуатқа қамтамасыз етуін 2002 жылмен салыстырғанда 19,5 %-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Бірақ-та, Қазақстанның ауыл шаруашылығы машиналарының қолданыстағы паркі 80 %-ға дейін тозды. Негізгі ауыл шаруашылық техниканың орташа қызмет ету мерзімі 8-10 жыл болғанымен пайдаланудың 10 жылдан астам тракторларының құрамы 94,5 %-ға жуық, астық жинаушы комбайндардың - 77,7 % құрайды. Сонымен бірге, жыл сайынғы тракторлардың жаңаруы - 0,87 %-ды, астық жинаушы комбайндардың - 3,2 %-ын құрайды.
Саланың қарқынды дамуына көрсетілетін мемлекеттік қолдау себепші болған еді.
Былтырғы жылы агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау көлемі елеулі түрде артты. Егер 2002 жылы осы мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен 27,3 млрд.теңге бағытталған болса, 2008 жылы - 133,8 млрд.теңге, оның ішінде субсидия көлемі - 40,2 млрд.теңгені, несиелер - 52,6 млрд.теңгені құрады. 2009 жылы барлығы 96,3 млрд.теңге, оның ішінде субсидиялар - 41,3 млрд.теңге, несиелер - 14,7 млрд.теңге бөлінді.
АӨК салаларын ғылыми қамтамасыз ету
Елдің азық-түлік қауіпсіздігінің және экономиканың аграрлық саласының бәсекеге қабілеттілігінің мәселелерін шешу агроөнеркәсіптік кешендегі технологиялық олқылықтарды қамтамасыз ететін, өндіріске жаңа инновациялық тәсілдерді әзірлеуге және енгізуге бағытталған аграрлық ғылымның дамуымен тығыз байланысты.
2006 - 2008 жылдары жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының 187 жаңа сорты мен будандары жасалды және Мемлекеттік сорт сынауға берілді, ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлерін өсіру бойынша 48, қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау бойынша 44 агротехнология әзірленді және жетілдірілді, ауыл шаруашылығы жануарларының 39 желісі мен түрі, үйректің 1 тұқымы және 3 желісі, бал арасының 2 желісі шығарылды және/немесе қабылданды, дәстүрлі технологиялармен салыстырғанда өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы жануарларын, құстар мен балықтарды күтіп-бағу мен азықтандырудың 23 технологиясы әзірленді, 58 вакцина, диагностикум және емдік препараттар өңделді.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері өндіріске кеңінен енгізілуде. Егер бұрын қазақстандық селекция сорттарының дәнді дақылдарының егісі 27 % шамасында болған, ал 2007 жылы ауыл шаруашылығы басқармалары және облыс әкімдіктерінің мәліметтері бойынша барлық дақылдардың отандық сорттарының алаңы жалпы егістік алаңының шамамен 6,7 млн. га-ын немесе 35,4 %-ын құрады.
Оның ішінде, 2008 жылы отандық селекцияның мақта сорттары егіс алаңының 60 % егілді, 6 жыл бұрын мақта шаруашылығында тек қана өзбек сорттары қолданылған.
Астық дақылдарын өсірудің минималдық және нөлдік технологиялары бойынша қазақстандық ғалымдарының әзірлемелерін енгізу алаңы 2003 жылғы 1 млн. га-дан 2008 жылы 8,9 млн. га-ға өсті.
2009 жылы 2009 - 2011 жылдарға арналған зерттеу бағдарламаларының негізгі бағыттары анықталды, ғылыми зерттеулер 40 тақырып бойынша жүргізілетін болады.
Ауыл шаруашылығын жүргізудің отандық және шет елдік тәжірибесі көрсеткендей, алдыңғы қатардағы тәжірибелердің жылдам тарату және жаңа технологияларды енгізу механизмдерінің бірі болып АӨК саласындағы білім тарату орталықтарын құру және іске қосу табылады. 2008 жылы «Шортанды» (Ақмола облысы) және «Қостанай» (Қостанай облысы) орталықтары ашылды, онда ғалымдар мен жаңа агротехнологияларды әзірлеушілер өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге жаңа технологияларды енгізу бойынша шаруаларды, кәсіпкерлерді және т.б. мамандарды оқытады және тренингтер өткізеді.
Сонымен қатар, 2009 жылы қызмет саласы ретінде АӨК-нің барлық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кәсіпкерлік сектор субъектілерімен бірге отандық және шет елдік ғылыми зерттеулер негізіндегі инновациялық жобаларды іске асыруды жүзеге асыратын агротехнологияны коммерцияландыру және трансферттеу орталығы құрылды. Орталық қызметінің негізгі бағыты жарғылық капиталына үлестік қатысуы арқылы инновациялық жобаларды тікелей қаржыландыру болып табылады.
Балық шаруашылығы
Балық шаруашылығын тұрақты дамытудың кешенді шараларын іске асыру жұмыстары жалғасуда.
Балық шаруашылығы су тоғандарын және учаскелерін пайдаланушыларға ұзақ мерзімге бекітіп беру жұмыстары жүргізілуде, бұл бекітіп берілген су тоғандары мен учаскелеріне балық шаруашылығын дамытуға шетелдік өз қаражаты мен инвестициялар тарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
2008 жылы балық шаруашылығын дамытуға пайдаланушылар тарапынан 1 626,5 млн.теңге қаржы салынды.
Қабылданған шараларға байланысты ауланған балық көрсеткіші өсті және 55,9 мың тоннаны құрады, балық ресурстарын пайдаланғаны үшін бюджетке 443,2 млн. теңге төлем түсті.
Өткен кезеңнің қорытындысы бойынша 2190 халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) 10 жыл мерзімге 1137 балық шаруашылығы ұйымдарына бекітілген.
Өткен жыл бойынша мемлекеттік инспекторлармен балық қорғау заңнамаларын бұзған 9841 фактілері айқындалған, 44 млн. теңге айыппұл салынған, соның ішінде 37,6 млн. теңге тәркіленген. Балық ресурстарына келтірілген зиянға 21 млн. теңге сомасына талап етілген, 5,5 млн. теңгесі тәркіленді. Құқық бұзушылардан 75,95 тонна балық, оның ішінде 2,53 тонна бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді. Тәркіленген өнімнің сатылған пайдасынан бюджетке 1,87 млн.теңге түскен.
Келешекте балық ресурстарының өсімін молайту, балық ресурстарына мемлекеттік есепті жүргізу, мелиорация (түбін тереңдету), ведомстваға қарасты кәсіпорындарға күрделі жөндеу жұмыстарын, Қазақстан бөлігінде орналасқан Каспий теңізінің биологиялық ресурсының жағдайына баға беру туралы кешенді теңіз зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Қазіргі кездегі ең маңызды мәселенің бірі, тауарлы балық шаруашылығы саласының нашар дамуы. Осы бағытты қарқындату қажеттілігінің себепшісі табиғи су тоғандардағы балық шикізаты қорының шектелгендігінде және су тоғандарында кәсіптік аулауға шектеулер қою қажеттілігі мақсатында оның тозуын алдын-алуға болады.
Орман және аңшылық шаруашылығы
2008 - 2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасы және 2010 жылға дейінгі су ресурстарын сақтау мен тиімді пайдалану, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар торабын дамытудың бағдарламаларын іске асыру жалғасуда.
2008 - 2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен ағаш отырғызу жөніндегі жұмыстар 20,9 мың га ауданда жүргізілді, еткен жылмен салыстырғанда 20 %-ға артық (2008 ж. — 15,7 мың га). Сексеуіл отырғызу жұмыстары республиканың 5 облысында жүргізілді.
Астана қаласының қорғау жасыл аймағын құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. 1997 жылдан бастап 45 мың га екпе ағаш отырғызылды.
2009 жылдың өрт қауіпті кезеңінде мемлекеттік орман қоры аумағында 4341 га аумағында 527 орман өрті оқиғалары болған, оның ішінде орман алаңында 2110 га, өткен жылдың сәйкес деңгейінен 57 %-ға төмен.
Алматы, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 5639 мың га әуе орман қорғау шаралары жүргізілді. Жылдық ұшуы 6000-нан астам сағатты құрайды, бұл мемлекеттік орман қорының қорғауындағы аумағына екі-үш реттік ұшып тексеріске мүмкіндік береді.
2009 жылдың ақпан айынан бастап Қарағанды облысындағы Қарқаралы ұлттық паркінің аумағы 21,7 мың га-ға және Алматы облысындағы Шарын ұлттық паркінің аумағы 30,1 мың га-ға ұлғайтылды, Атырау обылысында аумағы 111,5 мың га аумақта «Ақжайық» МТР және Қарағанды облысында көлемі 44,6 мың га аумақта «Белдеутас» қорығы құрылды.
Қазақстанда аңшылықтың объектілері ретінде 93 жануарлар түрі болып табылады, оның ішінде сүтқоректілердің 34 түрі және құстардың 59 түрі. Бірегей қазақстандық фаунаны қорғау мәселелері жылдан жылға үлкен маңыздылығына ие болуда.
Аңшылық шаруашылығына ерекше назар аударылуда. Қазақстан Республикасында аңшылыққа арналған жерлер 234,6 млн.га. алып жатыр, олардың ішінде 117,8 млн. га (49,0 %) аңшылық шаруашылықтарына бекітілген.
Республикада аңшылыққа арналған жерлердің резервтік қорының негізгі тартымды бөлігін жеке аңшы пайдаланушыларға конкурстық негізде бекіту процессі іс жүзінде аяқталған болатын.
2007 - 2009 жылдары 200-ден астам аңшылық шаруашылықтары құрылды және 2009 жылдың 1 қазанына олардың жалпы саны 673 шаруашылықты құрайды.
2009 жылы ақ бөкендерді және аз кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарларды қорғау үшін 146 инспекторлар мен автомобилдік техниканың 63 бірлігі көлемінде 25 мобильді топ құрылды.
Ақ бөкендер санының азаю динамикасы тоқтатылды және олардың саны 2008 жылғы 61,0 мың басынан 2009 жылда 81,0 мың басына ұлғайтылуы байқалуда. 2009 жылы ақ бөкендер санының өсу мөлшері 2008 жылмен салыстырғанда 32,7 % құрады.
Су шаруашылығы және ауыл шаруашылығы жерлерінің мелиорациясы
2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру аясында және 2002 - 2008 жылдар кезеңінде ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында барлық көздерден 121,3 млрд. теңге бөлініп, игерілді. Осы қаражатқа 10874 шақырым ауыз сумен жабдықтау жүйелері салынды, қайта жаңартылды және күрделі жөндеуден өткізілді, тұрғындардың саны 4,2 млн. адамнан асатын 2 227 мың елді-мекендерінің сумен жабдықталуы жақсартылды.
Жерлердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту және сақтау мақсатында суармалы жерлерге мемлекеттік мониторинг жүргізілуде. 2009 жылы жалпы алаңы 1697,2 мың га суармалы жерлерде және ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру мен су ресурстарын басқару және жерлерді қалпына келтіру жобаларының объектілерінде, агромелиоративтік зерттеулер; жер асты сулардың деңгейлік-тұздық режиміне 48 872 өлшеу - тұрақты гидрогеологиялық бақылаулар; коллекторлық-кәріздік сулардың ағысына 3 018 өлшеу - гидрогеологиялық бақылаулар; 788 бақылау ұңғымаларына ағымдағы жөндеулер; 28,5 мың гектарға топырақтық-тұздық түсірімдер орындалды; 15 607 шартты бірлік лабораториялық талдаулар жүргізілді, мемлекеттік басқару органдары, сондай-ақ суару жүйелеріндегі жер пайдаланушылар мен пайдалану қызметтері үшін агромелиоративтік, су шаруашылығы іс-шараларын жоспарлауға арналған ұсынымдар әзірленді.
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау 2009 жылы төмендетілген тариф бойынша саны 1761,6 мың болатын халықты ауыз сумен қамтамасыз ету.
Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суды жеткізудің қызметтердің құнын субсидиялау 9 897,002 млн. текше метр көлеміндегі суаруға пайдаланылатын суды жеткізу құнын арзандатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Сонымен бірге, бірқатар күрделі мәселелер де бар: Қазақстан бойынша орташа есеппен алғанда тек қана ауыл тұрғындарының 60 пайызы ғана су құбырларының суымен, 37,4 пайыз орталықсыздандырылған су көздерімен қамтамасыз етіледі, ал халықтың қалған бөлігі (2,6 %) әкелінетін суды және ашық су тоғандарының суын пайдаланады; қондырғылар мен су бөлетін желілер жүйесінің көпшілігі 20-30 жылдан астам бұрын қолдануға берілген немесе күрделі жөндеуден өткен; жалпы республика бойынша желінің үштен екі бөлігі күрделі жөндеуді немесе оларды толық алмастыруды талап етеді; тек 41 қалаларда ғана толық технологиялық циклымен канализациялық тазалау қондырғылары бар, оның ішінде 10 қаладағы 70 %-дан астам тозуды құрайды.
Ауылдық аумақтарды дамыту
Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысымен бекітілген 2004 - 2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылған. Бірінші кезеңнің іс-шаралар жоспарының іске асырылуын талдау барлық көзделген негізгі шаралардың орындалғанын көрсетеді.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың екінші кезеңінде (2007 - 2010 жылдар) әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салуды, жөндеуді және қайта жаңғыртуды инвестициялау бойынша жұмыстарды жалғастырумен қатар, ауыл халқын қоныстандыруды оңтайландыру, ауыл тұрғындарының неғұрлым жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету бойынша шаралар жүзеге асырылатын болады, ауыл аумақтарын тұрақты дамыту негіздері жасалады.
2008 жылы ауылдық аумақтарды дамытуға барлық көздерден 218,7 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 106,9 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 98,7 млрд. теңге, сондай-ақ, басқа да көздерден 13,1 млрд. теңге бөлінді.
2008 жылғы республикалық бюджет шығындарының негізгі үлесі ауылдық білім беруді - 36%, денсаулық сақтауды - 17%, жергілікті маңызы бар жолдарды - 18%, ауылдық ауыз сумен қамтамасыз етуді - 16% және басқаларды - 13% дамытуға келеді.
Осылайша, 2008 жылы ауылда 266 білім беру объектілері, 157 денсаулық сақтау объектілері салынды және қайта жаңғыртылды, 795 білім беру объектілерінде, 360 денсаулық сақтау объектілерінде күрделі жөндеулер жүргізілді.
Ауылдық аумақтарды келешекке дамыту екі бірыңғай міндетті шешуге - ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға және ауыл халқының өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасауға негізделеді.
Қызметтің стратегиялық бағыттары
1. Агроөнеркәсіптік кешені салаларын тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аграрлық өндірісті ДСҰ кіру шарттарына бейімдеу.
2. Балық, орман ресурстарын, жануарлар әлемі ресурстарын, табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау, ұтымды пайдалану және өсімін молайту, сондай-ақ тұрақты сумен жабдықтау және су пайдаланудың тиімді деңгейі үшін жағдай жасау.