«Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша Қосымша білім берудің мемлекеттік стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 788 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 890 бұйрығы

Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша Қосымша білім берудің мемлекеттік стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 788 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 890 бұйрығы

 

«Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша Қосымша білім берудің мемлекеттік стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 778 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 1-тармақтың

57) тармақшасындағы «(зертханашы, дәрігер-зертханашының көмекшісі)» деген сөздер алынып тасталсын;

58) тармақшасындағы «(фельдшер, жалпы тәжірибе фельдшері)» деген сөздер алынып тасталсын;

59) тармақшасындағы «(акушер, жалпы тәжірибе акушері)» деген сөздер алынып тасталсын;

60) тармақшасындағы «(санитариялық фельдшер, санитариялық дәрігердің көмекшісі, зертханашы, эпидемиолог дәрігердің көмекшісі, энтомолог)» деген сөздер алынып тасталсын;

61) тармақшасындағы «(тіс дәрігері, дантист, стоматологтың ассистенті)» деген сөздер алынып тасталсын;

62) тармақшасындағы «(тіс технигі)» сөздері алынып тасталсын;

63) тармақшасындағы «(мейірбике, мамандандырылған мейірбике, жалпы тәжірибелік мейірбике, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мейірбике, медициналық статистик)» деген сөздер алынып тасталсын;

64) тармақшасындағы (фармацевттің ассистенті, фармацевт)» деген сөздер алынып тасталсын;

65) тармақшасындағы «Мейірбике ісі (күтуші мейірбике, мейірбикенің көмекшісі, массажист - көз аурулары мүгедектері үшін)» деген сөздер «Медициналық колледждерде оқыту негіздері» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) көрсетілген бұйрыққа 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.