«2010 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерді қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 1/67 қаулысы (күші жойылды)

2010 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерді қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 1/67 қаулысы

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 6 желтоқсаның № 4/916 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын басшылыққа алып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2010 жылға арналған ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері бекітілсін.

2. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қоғамдық жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен шарттар жасауға өкілеттік берілсін.

3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың және толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлердің айлық еңбекақысы ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерінде белгіленсін.

4. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы:

1) 2010 жылға арналған Алматы қаласы бюджетінде қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлерді қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын;

2) қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың және толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлердің еңбекақысын төлеу олардың екінші деңгейдегі банктердегі жеке шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.