Қалалық Мәслихаттың 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 93 «2009 жылға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атырау қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 21 қаңтардағы № 107 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджеттік Кодексінің және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, қалалық әкімиятының ұсынысын қарай отырып, Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қалалық Мәслихаттың 2008 жылғы 15 желтоксандағы № 93 «2009 жылға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне (Атырау қалалық Әділет басқармасында 2009 жылдың 23 қаңтарында № 4-1-97 санымен тіркелген (2009 жылдың 7 ақпанында «Атырау» газетінің № 15 санымен тіркелген) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«27799966» цифрасы «33780648» цифрасымен ауыстырылсын;
«3873239» цифрасы «5969365» цифрасымен ауыстырылсын;
«26758966» цифрасы «32857234» цифрасымен ауыстырылсын;
«1041000» цифрасы «923414» цифрасымен ауыстырылсын;
«-1041000» цифрасы «-923414» цифрасымен ауыстырылсын.
«2508000» цифрасы «1508000» цифрасымен ауыстырылсын;
«17376» цифрасы «713» цифрасымен ауыстырылсын.
4) 1 тармақтың 4 тармақшасына төртінші бөлігімен және 25, 26,
27 тармақтар келесі мазмұнда толықтырылсын:
«бюджет қаражаты бос қалдықтарының қозғалысы - 117 586 мың теңге.
25. 2009 жылға арналған қалалық бюджет құрамында сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 1 008 789 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделгені ескерілсін.
26. 2009 жылға арналған қалалық бюджет құрамында тұрғын үй құрылысына 1 104 000 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделгені ескерілсін.
27. 2009 жылға арналған қалалық бюджет құрамында көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 1 000 000 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделгені ескерілсін».
2. Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім Атырау қаласы бойынша 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.