Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша Қосымша білім берудің мемлекеттік стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрдің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 788 бұйрығы
Осы редакция 2009 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылы 18 қыркүйектегі кодексінің 16-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша Қосымша білім берудің мемлекеттік стандарттары бекітілсін (бұдан әрі - ҚББМС):
1) осы бұйрыққа 1 - қосымшаға сәйкес «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, жедел және шұғыл медициналық көмек, диетология)» мамандығы бойынша ҚББМС;
2) осы бұйрыққа 2 - қосымшаға сәйкес «Жалпы дәрігерлік тәжірибе (отбасылық медицина)» мамандығы бойынша ҚББМС;
3) 3 - қосымшаға сәйкес «Кардиология (ересектер, балалар), сонымен бірге интервенциондық кардиология» мамандығы бойынша ҚББМС;
4) осы бұйрыққа 4 - қосымшаға сәйкес «Ревматология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша ҚББМС;
5) осы бұйрыққа 5 - қосымшаға сәйкес «Аллергология және иммунология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша ҚББМС;
6) осы бұйрыққа 6 - қосымшаға сәйкес «Гастроэнтерология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша ҚББМС;
7) осы бұйрыққа 7 - қосымшаға сәйкес «Гематология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша ҚББМС;
8) осы бұйрыққа 8 - қосымшаға сәйкес «Пульмонология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша ҚББМС;
9) осы бұйрыққа 9 - қосымшаға сәйкес «Эндокринология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша ҚББМС;
10) осы бұйрыққа 10 - қосымшаға сәйкес «Нефрология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша ҚББМС;
11) осы бұйрыққа 11 - қосымшаға сәйкес «Фтизиатрия (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша ҚББМС;
12) осы бұйрыққа 12 - қосымшаға сәйкес «Кәсіптік патология (Еңбек медицинасы)» мамандығы бойынша ҚББМС;
13) осы бұйрыққа 13 - қосымшаға сәйкес «Жұқпалы аурулар (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша ҚББМС;