(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.31.12 № 1348 ҚАУЛЫСЫ

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандардың ұшырылуынан қоршаған ортаға және халықтың
 денсаулығына тиетін әсерді зерттеу жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1348 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 25 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандардың ұшырылуынан қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тиетін әсерді зерттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1348 қаулысымен

бекітілген

 

 

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандардың ұшырылуынан қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тиетін әсерді зерттеу жөніндегі комиссия туралы ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандардың ұшырылуынан қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тиетін әсерді зерттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

 

2. Комиссияның міндеті

 

3. Комиссияның негізгі міндеті «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандардың ұшырылуынан қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тиетін әсерді азайту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу болып табылады.

 

 

3. Комиссияның құқықтары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.