«Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 182 қаулысы (2011.24.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 182 Қаулысы

(2011.24.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1926 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңының 20-бабына, 7-бабы 5) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары мен ұйымдарының тізбесі, олардың түрлері және көлемдері бекітілсін, осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес.

2. Қоса берілген жұмыссыздардың еңбекақы төлемі мөлшерлері бекітілсін, осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес.

3. «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды осы мақсатқа көзделген «Жұмыспен қамту бағдарламасы. Қоғамдық жұмыстар» 451-002-100 бағдарламасы бойынша қала бюджетінің қаражаты шегінде қамтамасыз етсін.

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2011.16.03. № 353 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Қоғамдық қызметкерлердің еңбекақы төлемі «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV Заңына сәйкес ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.