2010 - 2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы
Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 138-22-4 шешімі
(2010.11.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 75 бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ертіс ауданының бюджеті бекітілсін:
Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2010.11.02 № 156-25-4 шешімімен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) 2010 жылға арналған 1 қосымшаға сәйкес келесі мөлшерінде:
кірістер - 2 171 244 (екі миллиард бір жүз жетпіс бір миллион екі жүз қырық төрт мың ) теңге, оның ішінде:
салық түсімдері - 200 661 (екі жүз миллион алты жүз алпыс бір мың) теңге;
салық емес түсімдер - 3 475 (үш миллион төрт жүз жетпіс бес мың) теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 381 (үш жүз сексен бір мың) теңге;
трансферттердің түсімі - 1 966 727 (бір миллиард тоғыз жүз алпыс алты миллион жеті жүз жиырма жеті мың) теңге;
шығыстар - 2 173 157 (екі миллиард бір жүз жетпіс үш миллион бір жүз елу жеті мың) теңге;
таза бюджеттік несиелеу - 3 562 (үш миллион бес жүз алпыс екі мың) теңге;
бюджеттік несиелер - 3 562 (үш миллион бес жүз алпыс екі мың) теңге;
қаржы активтері операциялары бойынша сальдо - 8 340 (сегіз миллион үш жүз қырық мың) теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 8 340 (сегіз миллион үш жүз қырық мың) теңге;
бюджет тапшылығы (профицит) - -13 815 (он үш миллион сегіз жүз он бес мың) теңге;
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 13 815 (он үш миллион сегіз жүз он бес мың) теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 3 562 (үш миллион бес жүз алпыс екі мың) теңге;
2) 2011 және 2012 жылдарға 2 және 3 қосымшаларға сәйкес;