«Ерейментау ауданы Бестоғай селолық округінің Байсары және Қызылту селоларының көшелеріне атауын иелену және Бестоғай селосының көшелерінің атауын өзгерту туралы»
Ақмола облысы Ерейментау ауданы Бестоғай селолық округі әкімінің 2010 жылғы 9 ақпандағы № 01 шешімі
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың пікірлерін есепке ала отырып, Бестоғай селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ерейментау ауданы Бестоғай селолық округінің Байсары селосының көшелеріне атауы иеленсін:
№ 1 көшеге Жеңіс атауы иеленсін;
№ 2 көшеге Алғожа Мақанбедиев атындағы атауы иеленсін.
2. Ерейментау ауданы Бестоғай селолық округінің Қызылту селосының көшелеріне атауы иеленсін:
№ 1 көшеге Бәйтерек атауы иеленсін;