(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЕРТІС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2009....

2010 - 2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы
Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 138-22-4 шешімі

 

Осы редакция 2010 жылғы 11 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 75 бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Ертіс ауданының бюджеті бекітілсін:

1) 2010 жылға арналған 1 қосымшаға сәйкес келесідей көлемде:

кірістер - 2 016 184 (екі миллиард он алты миллион жүз сексен төрт мың) теңге, оның ішінде:

салық түсімдері - 200 661 (екі жүз миллион алты жүз алпыс бір мың) теңге;

салық емес түсімдер - 3 475 (үш миллион төрт жүз жетпіс бес мың) теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 381 (үш жүз сексен бір мың) теңге;

трансферттердің түсімі - 1 811 667 (бір миллиард сегіз жүз он бір миллион алты жүз алпыс жеті мың) теңге;

шығыстар - 2 007 684 (екі миллиард жеті миллион алты жүз сексен төрт мың) теңге;

таза бюджеттік несиелеу - нөлге тең;

бюджеттік несиені төлеу - нөлге тең;

қаржы активтері операциялары  бойынша сальдо - 8 500 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 8 500 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге;

бюджет тапшылығы - нөлге тең;

бюджет тапшылығын қаржыландыру - нөлге тең;

қалдық бюджетінің қаржы қозғалысы - нөлге тең;

2) 2011 және 2012 жылдарға 2 және 3 қосымшаларға сәйкес;

2. 2010 жылға арналған аудандық бюджетінде қарастырылған облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 1 405 759 (бір миллиард төрт жүз бес миллион жеті жүз елу тоғыз мың) теңге сомасында қарастырылсын.

3. 2010 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының қоры 4 090 (төрт миллион тоқсан мың) теңгеге бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.