«Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 66 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 245 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5702 болып тіркелген), мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышында:
«Білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтер» бөлімінде:
тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) 1-коды бойынша: