«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 66 Бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 66 Бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 228-IV Заңына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1720 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 7-8, 542-бап):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде:

6-тармақта «мүшесін зақымдауға» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

11-тармақтың 7) тармақшасында:

«күн сайын қырынуға,» деген сөздер «жинақы қиылған» деген сөздермен ауыстырылсын;

«тыйым салынады» деген сөздер алып тасталсын;

12-тармақтың 18) тармақшасында «дене мүшелеріне зақым» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат» деген сөздерімен ауыстырылсын;

12-8-тармақта:

«тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «елді мекеннің шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

«және еңбек етуге» деген сөздер алып тасталсын;

130-тармақта «дене мүшесін зақымдап» деген сөздер «қасақана өз-өзіне қандай да бір жарақат салып» деген сөздермен ауыстырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.