Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың 2009 жылғы 27 қарашадағы № 18 шешімі (Минск қ.,) (күші жойылды)

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының
кеден одағын бiрыңғай кедендiк-тарифтiк реттеу туралы
Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың 2009 жылғы 27 қарашадағы № 18 шешімі
(Минск қ.)

 

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 10 шешімімен күші жойылды

 

Мемлекет басшылары деңгейіндегі Еуразиялық экономикалық қауымдастығы Мемлекетаралық кеңесi (кеден одағының жоғарғы органы) шештi:

1. 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшiне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамаға сәйкес 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап мыналардың күшiне енуi белгiленсiн:

2008 жылғы 25 қаңтардағы Бiрыңғай кедендiк-тарифтiк реттеу туралы келісім;

2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтiк квоталарды қолданудың шарттары мен тетiгi туралы келісім;

2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бiрыңғай кедендiк тарифтiң ставкаларынан ерекшеленетiн кедендiк әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттама;

2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтiк жеңiлдiктер беру туралы хаттама;

2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағының тарифтiк преференцияларының бiрыңғай жүйесi туралы хаттама.

2. 2010 жылы 1 қаңтардан бастап күшiне енуi мерзiмiмен мынадай құжаттар бекітілсiн:

Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметтiң бiрыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрi - КО СЭҚ ТН) және Кеден одағының Бiрыңғай кедендiк тарифi (1-қосымша);

Кеден одағының Тарифтiк преференциялар жүйесiн пайдаланатын дамушы елдердiң тiзбесi (2-қосымша);

Кеден одағының Тарифтiк преференциялар жүйесiн пайдаланатын неғұрлым аз дамыған елдердiң тiзбесi (3-қосымша);

Дамушы елдерден және неғұрлым аз дамыған елдерден шығарылатын және әкелiнетiн, әкелу кезiнде тарифтiк преференциялар берiлетiн тауарлардың тiзбесi (4-қосымша);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.